ШҚО-да Алакөлдің курорттық әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың Үржар ауданына жұмыс сапарында кәсіпкерлер мен мүдделі мемлекеттік органдар Алакөлдің курорттық әлеуетін дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, Алакөлжағасын абаттандыру жұмысы 2016 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бұл уақыттадемалыс аймағы айтарлықтай кеңейді. Қазіргі уақытта 333 кәсіпкерлік нысантуристерге қызмет көрсетеді, оның ішінде 175 демалыс үйі, 2 қонақ үй, 29 дүкенмен 56 дүңгіршек, 10 дәмхана, 4 бар, екі мейрамхана, 8 асхана және аспаздық,екі дәріхана мен аквапарк бар.

Өңір басшысының айтуынша,келесі жылы демалыс жайлылығын арттыру үшін бірқатар ірі инфрақұрылымдықжобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Даниал Ахметов шағын және орта бизнесөкілдерінің өз міндеттерін атқарып, салықтан жалтармау қажеттігін баса айтты.

ШҚО Мемлекеттік кірістердепартаменті басшысының орынбасары Ержан Ктанов шілденің алғашқы 11 күнінде 38кәсіпкерді «көлеңкеден» шығарғанын айтты. 11 демалыс аймағы есепке қойылды.

«2018 жылы аудан бюджетінекәсіпкерлік субъектілерінен 67,5 млн теңге салық түскен. Биыл салық түсімінің көлемі 100 млн теңгегежетеді деп күтілуде. Алайда, әлі күнге дейін өз табысы туралы жалған ақпаратберіп, салық төлеуден жалтаратын демалыс орындарының иелері бар. Біз тексеружүргізіп, онлайн бақылау-касса машиналарының орнатылғанын тексереміз», - дедіЕржан Ктанов.

Алакөл көлінің жағасынабаттандыру мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған. Үржар ауданының әкіміСерік Зайнулдин атап өткендей, алдағы уақытта 30 млрд теңге болатын жобалардыжүзеге асыру жоспарланған. Сондай-ақ, жобаның аясында көлдің екі шақырымжағалауын нығайту жоспарланып отыр. Бұл жоба «Ақтау теңіз порты» құрылысыныңтәжірибесіне сәйкес жүзеге асырылады. Одан бөлек, сумен жабдықтау желілері менсу жинау қондырғыларын, сондай-ақ кәріз желілерін, сарқынды суларды тазартуқондырғыларын және сүзгілеу алаңдарын салу көзделген. Жобалардыңжобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамаға жіберілген.

Электр энергиясымен тұрақтытүрде қамтамасыз ету үшін Мақаншы ауылынан Көкталға дейін қуаты 110 кВТ болатынэлектр желісі тұрғызылады.

Үржар ауылында әуежайдыңұшу-қону жолағын қайта жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеужұмыстары аяқталды. Жоба арқылы екі бағыт бойынша ұшақ қондыру, жолақ ұзындығын2100 метрге дейін және енін 45 метрге дейін ұлғайтуға, жоғары қарқынды шамдарғаарналған жарықтандыру құралдарын орнату, сағатына 70 жолаушыға қызметкөрсететін жаңа терминалдың құрылысы және қолданыстағы терминалдың әкімшілікғимаратын қайта жаңарту көзделген. Осыдан кейін әуежай 70-80 орынға дейінгішағын ұшақтарды қабылдай алады.

«Екі жылда жағалауды дамытуғаөте көп қаражат бөлінді. Алдағы төрт жылда отандық туристер ғана емес, шетелдіктерде келуі үшін жұмыс істейміз. Жақында емдік суды құбырмен тартатын аустриялықтәжірибені зерттейміз және жыл бойы жұмыс істейтін емдік-сауықтыру кешенінсаламыз», - деді өңір басшысы Даниал Ахметов.

Қазіргі уақытта Өскемен –Қалбатау ауылы – Семей – Аягөз жолы шығыстағы өзекті мәселелердің бірінеайналды. Алдағы екі жылда жол жөндеу жұмыстары аяқталады. Қабанбай ауылынан Алакөлге дейін 2,6 шақырымвелосипед жолы салынады. Сонымен бірге, демалыс нысандарында өртке қарсықауіпсіздік ережелері мен санитарлық талаптардың сақталуына баса мән беріледі.

Соңғы жаңалықтар