Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз берілді. 1 597 көтерме сатушылармен, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен және сауда нысандарымен ең аз 7 пайыздық сауда үстемесін қолдану туралы меморандумдар жасалды. 2021 жылдың күзінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруға облыстық бюджеттен 1,404 млрд теңге бөлінді. 2021 жылы «айналым схемасы» аясында картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, ұн, күріш, қант, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, жұмыртқа бағаларын тұрақтандыру үшін жеңілдікті қарыздар берілді. Қазіргі уақытта «айналым схемасы» аясында (осы жылдың 25 қаңтарындағы жағдай бойынша) 4 595 тонна бакалея өнімдері бар, оның ішінде: қант - 82 тонна, рожки – 152 тонна, ұн – 1 358 тонна, күріш - 97 тонна, қарақұмық жармасы – 1 237 тонна, күнбағыс майы – 1 669 тонна және жеміс-көкөніс өнімдері – 8 455 тонна.
«Бүгінгі күні «Агрофирма Приречное« ЖШС айналым схемасы аясында Өскемен және Семей қалаларының тұрақтандыру қоры нүктелерінде жеміс-көкөніс өнімдерін (картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз) төмендетілген белгіленген бағалар бойынша өткізу жүзеге асырылуда. «Ертіс« ӘКК « АҚ « мамандандырылған ұйымының сауда нысандарында картоп, қырыққабат және сәбіз келісі 82 теңге бағамен сатылады. Өнім қорлары бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттарда көзделген шекті көлемдерге сәйкес келеді. Картоп 15 мамырға дейін, пияз бен сәбіз 1 мамырға дейін, қырыққабат 1 сәуірге дейін сатылады. Сондай-ақ, «Semey Qus« ЖШС-мен, «Крупнофф« ЖШС-мен жасалған шарттарға сәйкес белгіленген бағалар бойынша сауда желісіне 1 санаттағы жұмыртқа ондығын 320 теңгеден жеткізу жалғасуда. Кейіннен сауда нүктелерінде ол 330 теңгеден саудаланады», - деп атап өтеді министрліктен.
Бұдан басқа, биылғы жылы облыстың ұн тарту кәсіпорындарына ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы «ҰК« АҚ-дан азық-түлік астығын сату кезінде ұлттық компания шеккен шығыстарды өтеуді субсидиялау есебінен белгіленген баға бойынша тоннасы 90 мың теңгеден бидай бөлу жоспарлануда. Ұн тартатын кәсіпорындар 1-сұрыпты ұнды әлеуметтік нан пісіругенаубайханаларға одан әрі бөлшек сауда желісінде бір бөлке үшін 90 теңге бағамен сату үшін беретін болады.
Сонымен қатар, 1 сұрыпты бидай наны бағасын тұрақтандыру мақсатында Өскемен қаласының әкімдігі «Eco-Agro« ЖШС, «Хлебозавод Каравай« ЖШС және «Восток Элит« ЖШС наубайханаларымен қаланың сауда нысандарына ең төменгі құны бойынша 1 сұрыпты нанды сату уағдаластығына қол жеткізді. Сатудың соңғы бағасы бір бөлке үшін 95 теңгені (0,5 кг) құрайды. Көлемі күніне – 1 400 бөлке. «Шахан Ата« ЖШС бір бөлке үшін 105 теңгеден 1 сұрыпты бидай нанын сатады, Өскемен қаласы мен Глубокое ауданында күніне 1 600 бөлке сатылады.
«Жергілікті өкілді, атқарушы органдардың, бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті агенттігінің департаментінің қызметкерлерін тарта отырып, сауда объектілеріндегі бағаларға тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. Бағаны тұрақтандыру мәселесі тұрақты бақылауда тұр», - делінген ведомство ақпаратында.