ШҚО-да әлеуметтік мәселелер бойынша «жедел желі» іске қосылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО-да Қоғамдық кеңестің жұмыс сараптама тобының қоғамдық қабылдауы белсенді жұмыс істеуде. Әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша халықпен тікелей байланыс тиімділігі үшін «Жедел желі» ашылды, - деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Енді ШҚО-ның әрбір тұрғыны «жедел желі» телефоны бойынша жүгіне алады немесе жұмыс тобы мүшелерінің белгілеген күнінде кездесуге алады және денсаулық сақтау, экология, азаматтар құқықтары саласына қатысты өзекті, проблемалық сұрақтарды қою мүмкіндіктері бар.

«Жедел желінің» телефоны 8 (7232) 57-89-56. Қоңыраулар жұмыс күндері 10.00-ден 17.00-ге дейін қабылданады, деп хабарлады ақпараттық орталықта.