Абайдың 175 жылдығы аясында ұйымдастырылып отырғанбұл жарысқа жалпы5 команда қатысты.
«2015 жылы ғана өңірімізде керлинг бөлімі ашылған болатын. Бүгінде бұл спорт түріне қызығушылар көбейіп келеді. Енді міне алғаш рет керлингтен І облыстық турнир ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта одан сайын дами түсіп, дәстүрлі жарыс ретінде өткізілетініне сенімдімін», – деді ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаков.
Жарыс қорытындысы бойынша Ұлан ауданының командасы 1-орынға ие болды. Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ 2-орынға тұрақтаса, 3-орынды «Lucky stone» командасы қанағат тұтты.
«Керлинг – мұз айдынында өтетін командалық ойын. Ереже бойынша 2 команда кезекпен тастарды мұз бетінде сызықпен белгіленген нысанға жібереді. Тастың жылдамдығы төмен болған жағдайда, мұзды арнайы жабдықпен үйкелеп, нысанға дейінгі аумаққа жол ашуға болады», - дейді басқарманың баспасөз қызметінің басшысы Елжан Қайырханов.