Риддер қаласының прокуратурасы алименттік міндеттемелердің орындалуына жүргізілген талдау барысында кәмелетке толмаған балаларын асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін ұзақ уақыт бойы орындамаған 19 борышкерді анықтады.
Берешектің болуына қарамастан, жеке сот орындаушысы оны өндіру бойынша тиісті шараларды қабылдамаған.
Прокурорлық қадағалау актісі енгізілгеннен кейін борышкерлермен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алимент бойынша берешек жалпы сомасы 15,6 млн теңгеге ішінара өтелді.
Сонымен қатар, жыл басынан бері прокурорлық қадағалау нәтижелері бойынша балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабымен 20 қылмыстық іс сотқа жолданды.
Оның ішінде 15 қылмыстық іс бойынша соттар айыптау үкімдерін шығарды.
Айта кетелік Қызылордада 264 млн теңгеден астам алимент қарызы өндірілген еді.