Көкпар бәсекесінің қорытындысы бойынша Ұлан ауданы 1 орын, Күршім ауданы 2 орын, Алтай ауданы 3 орын алды. Ал құнан бәйгеде Самар ауданынан Мұхаммедәли Намозов, жорға жарысында Зайсан ауданынан Айқын Әмірбеков, ал топ бәйгеде Күршім ауданынан Қайсар Сарқытов жеңіс тұғырынан көрінді.
— Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймын! Ұлттық спорт — халқымыздың рухын көтеретін, ұрпақ сабақтастығын жалғайтын баға жетпес мұра. Осындай дүбірлі додалар ел бірлігін нығайтып, жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыра беретініне сенімдімін, — деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.