ҰОС ардагерлерінің құрметіне орай ұйымдастырылатын дәстүрлі акция бүгін 5 мамыр күні басталды. Ардагерлер мамыр, маусым, шілде айында электр қуатын тегін тұтынатын болады. «Шүлбі» ГЭС-і ай сайын олардың жеке шотына 2 500 теңгеден аударып отырады. Үш ай ішінде жалпы ардагерлерге 2,1 млн теңге аударылады.
Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша 300-ге жуық соғыс ардагері тұрады.