ШҚО-да атаулы әлеуметтік көмекті беру мәселелері талқыланды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың төрағалығымен аудан және қала әкімдіктерінің өкілдерімен селекторлық кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеңес отырысында2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерліктідамыту, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және жаңа форматтағыатаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мәселелері талқыланды.

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында халықты жұмыспенқамту органдарына 25,3 мың азамат өтініш білдірді. Бағдарлама аясында 19,5 мыңадам қамтылды. Олардың көпшілігі-57% жұмыссыздар, 18% - өзін-өзі жұмыспенқамтыған адамдар. Оның ішінде 43% - әйелдер, 27% - жастар, 6% - азқамтылғандар, 3% - мүмкіндігі шектеулі тұлғалар. 15,4 мыңнан астам адам, ал бұлөтініш білдіргендердің 60% жұмыспенқамту шараларымен қамтамасыз етілді. 8,5 мың адам қолданыстағы бос орындарғажұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаны іске асыруға ауқымды қаражат - 8,7 млрд теңге көзделген. Ресурстарды тиімді жәнеатаулы бөлу қажеттігі туралы мәселені күн тәртібіне қойдық – деді облысәкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары жұмысты жақсартудықажет ететін бірнеше бағытты атап өтті:

Біріншіден, «Қысқамерзімді кәсіптік оқыту»бағытыбойынша жақсы динамика байқалуда, 1 тамыздағы мәліметтер бойынша 2458 адамжіберілді (жылдық жоспарға 66%), бірақ оқытылғандардың жұмысқа орналасу пайызытек 31%-ды құрайды. Менің ойымша, ірі қалалар өз потенциалын толықпайдаланбайды - Семей қаласы оқығандардың 11%-ын ғана, ал Өскемен - 28% - ынжұмысқа орналастырды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 625 млн. теңге бөлінді,әрине, бюджет қаражатын барынша тиімді пайдаланған жөн.

Екіншіден, «Жаппайкәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасыныңбағытын жүзеге асыруға 4,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл соманыңбасым бөлігі - 3,5 млрд теңге, ауылдық елді мекендерде және шағын қалалардатұратын 956 адамға шағын несие беруге бағытталған. 1 тамызға облыстың жұмыспенқамту орталықтары 1022 жолдама берді. Бұл жаман көрсеткіш емес. Сонымен қатар,қаржы институттары 2,8 млрд теңгеден астам сомаға 718 өтінім қабылдады.Қазірдің өзінде 564,5 млн теңгеге 134 өтінім мақұлданды. 1,8 млрд теңгеге 471өтінім қаржыландырылды. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау аясында98 млн теңге сомасына 30 несие берілді, 26 жоба жұмыс істеуде.

Қалаларда шағын несиелендіруге 1 млрд теңгеден астам қаржыбөлінді. 210 адамды қамту жоспарлануда.Қаржыландыруға 86 жоба мақұлданды, оның ішінде жалпы сомасы 920,9 млн.теңгеге81 жоба несиелендірілді.

Осы бағыт бойынша көп балалы отбасыларды несиелендіруменқамту – елеулі емес. Жыл соңына дейін осы бағыт бойынша қаражат осы санаттағыадамдарға да жетуі үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Тиістітапсырма кәсіпкерлік басқармасына және «Атамекен» палатасыныңоблыстық филиалына берілді.

Үшіншіден, бізбағдарламаның осындай бағытын іске асыруға аса назар аударуымыз керек. Жаңабизнес-идеяларды іске асыруға 100 АЕК дейінгі мөлшерде мемлекеттік гранттарберу (268 адамға 67,7 млн.теңге). 1 тамыздағы мәліметтер бойынша 45,2 млн теңгесомасына 179 грант (66,8%) мақұлданды және қаржыландырылды. Оның ішінде 5 грантаз қамтылған және көп балалы отбасыларға берілді.

Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, еңбекке қабілеттімүгедектер мен жастарға 200 АЕК грант беруге 1277 адамға 644,9 млн.теңгеқарастырылды. Қазіргі таңда 46 млн.теңге сомасына 91 грант мақұлданды жәнеқаржыландырылды, оның 79-ы - көпбалалы отбасылар үшін 39,9 млн теңге.

Бұл бағытта біз жұмысты айтарлықтай арттыруымыз керек.Алайда, мемлекеттік қолдау түріндегі өтеусіз қаражатты аз қамтылған жәнекөпбалалы отбасылар ғана емес, сондай-ақ басқа санаттағы азаматтар да алуғаасықпайды. Кеңес барысында өз ісін ашуға грант алғаннан кейін рәсімдерден өтіп,қаражаттың мақсатты тағайындалуын растап, ЖК тіркеу қажет деген пікір айтылды. Көпбалалы отбасыларға келетінболсақ, грант алған жағдайда адамдар атаулы әлеуметтік көмектен айырылуғақорқады, ол алушының кіріс деңгейіне байланысты екені мәлім.

Әлеуметтік қорғау басқармасына, сондай-ақ аудандар менқалалардың әкімдіктеріне біз жасампаз еңбектің артықшылықтары туралы, жұмыспенқамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына міндетті түрде қатысу шартыменберілетін мемлекеттің шартты ақшалай көмегінен гөрі көбірек табыс беретін заңдыжұмыспен қамтудың қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізутапсырылды.

Төртінші, АӘК төлеуге 11,1 млрд теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 9,7 млрд.теңгеден астам. Ағымдағы жылдың басынан атаулы көмек 17 851 отбасына (85 696адам) 4 689,4 млн.теңгеге тағайындалды, оның ішінде 2019 жылдың сәуіріненбастап 14 549 отбасына (70 630 адам) 3 695,3 млн теңгеге.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігінің өзгеруінәтижесінде 2 608 отбасына (13 349 адам) 2019 жылғы 1 сәуірге дейінтағайындалған әлеуметтік төлемдер 642,4 млн.теңге сомасына (сәуір-шілдеайларында) қайта есептеу жүргізілді.

АӘК тағайындаудың айқындылығы үшін және көмек шын мәніндемұқтаждарға жұмсалуы үшін бүгінгі күні АӘК тағайындау үшін мониторинг бойыншажұмыс топтары құрылды. АӘК алушылар мәлімдеген табыстар мен міндетті зейнетақыжарналарының 10% - ын ескере отырып, есептелген табыстар бойынша айырмашылықтарбар отбасылармен атаулы жұмыс жүргізіледі.

Кеңесте АӘК тағайындаудың жүйелі мәселелері де талқыланды.Облыста АӘК алушылар арасында Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылуықажет еңбекке қабілетті құрамы бар отбасылардың жоғары үлесі бар. Бұдан басқа,АӘК алушылар отбасыларының жеке кірістері төленетін көмектен бірнеше есе аз,сондай-ақ АӘК алушылар арасында мемлекеттік секторда жұмыс істейтін адамдардыңсанаты бар.

Селекторлық кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойыншадепартаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызының баяндамасы тыңдалды, ол АӘКтағайындау жататын мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі тәуекелдерді айтты.

Көлеңкелі экономиканың өсуі, халықтың ішкі көші-қоны, ЖКтабысының төмендеуі, неке бұзу фактілерінің артуы, халық арасында масылдықкөңіл-күйдің өсуі - селекторлық жиында айтылған баяндаманың негізгі желісі.Сондай-ақ, Қызмет көрсету стандарты мен регламентін талдауға үлкен көңілбөлінді, онда кемшіліктер мен коллизиялар анықталды. Әлеуметтік қорғау басқармасына,аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне АӘК тағайындаудың заңдылығын және нақтырегламенттелуін қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құжаттарды өзгертужөнінде ұсыныстар енгізу ұсынылды.

Қорытындысында қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдаубойынша көрсеткіштердің орындалу мәселесі бойынша. Аймақтық квота бойынша жұмыскүші мол өңірлерден 2161 адамды көшіру қажет, оның ішінде 1566 адам қонысаударушылар мен 595 адам оралмандар.

2019 жылдың 1 тамызына 772 адам көшірілді, оның ішінде қонысаударушылар - 648 адам, оралмандар - 124 адам. Мәселен, Алматы облысынан 361адам, Түркістан қаласынан - 104, Қызылорда облысынан - 79, Жамбыл облысынан -74, Маңғыстау облысынан - 8 және Шымкент қаласынан - 22 адам көшіп келді. Арысқаласының тұрғындарымен жұмыс жүргізілуде. Қоныс аударушылардың 74 отбасы біржылға қарастырылған материалдық көмек сомасын алып, үйлерді жеке меншікке сатыпалды. 650 қоныс аударушының 266 еңбеккежарамды 400 адамнан, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 232 адам,әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне, қоғамдық жұмыстарға - 23адам, кәсіпкерлік қызметпен-11 адам жұмысқа орналастырылды.

Алайда, кеңесте өзекті мәселелер де айтылды. Біріншіден,бүгінгі күні көшуге және тұрғын үйді жалдауға ұсынылған материалдық көмек көпадамдар үшін қоныс аударуға маңызды ынталандыру болып табылмайды. Екіншіден,жіберуші Тарап, еңбек күші мол өңірлер осы бағытта жеткіліктіақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізбейді. Облыс делегациясы шығып қалуөңірлерімен ұйымдастырылған кездесулер Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстаужәне Түркістан облыстарына тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарыменбарады. Барлығы 108 кездесу өткізіліп, 716 адам көшуге ниет білдірді, 91 адамкөшті.

Облыстың барлық қалалары мен аудандарына жұмысты күшейтужәне 1 қазанға дейін аяқтау тапсырылды. Бүгінде100% квота тек Риддер қаласында ғана орындалған. Қалған қалалар мен аудандардакөрсеткіштерді жақсарту керек. Сондықтан да аудан әкімдіктеріне, әсіресе шекарамаңындағы әкімдіктерге осы бағыттағы жұмысты жандандыру және жоспарланғанкөрсеткіштерді орындау бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар