ШҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

Шығыс Қазақстан облысында 11 тамызда күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде оның соңы нөсерге ұласады.

Кейбір өңірлерде күн күркіреп, бұршақ жауады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейіп, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Өскеменде 11 тамызда күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.