ШҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды
15:15, 10 Қыркүйек 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«11 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жаууы мүмкін, кей жерлерге нөсер жауын жаууы ықтимал. Сондай-ақ, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан, кей жерлерде солтүстістіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, ал екпіні 25 метрге жетеді», делінген хабарламада.