ШҚО-да ауылда қамалып қалған халыққа құтқарушылар азық-түлік апарды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында қызыл судың салдарынан ауылда қамалып қалған халыққа құтқарушылар азық-түлік жеткізді.   

Фото: Видеодан кадр/ШҚО ТЖД

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Күршім ауданы Топтерек ауылынан 4 шақырым жерде қызыл су жалғыз көпірдің бетон құрылымдарын шайып кеткен. Осының салдарынан ауылдан шыға алмай қалған халықтың сыртпен байланысы үзілді. 

«Құтқарушылар дереу сол жерге келіп жетіп, тұрғындарға өткел ұйымдастырды. Бүгінгі күні барлығы 22 жергілікті тұрғын өткізілді. Елді мекен жұртшылығына азық-түлік жеткізілді», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан 15 адам мен 2 техника айналма жол төсеп жатыр. 

Фото: ШҚО ТЖД