Мұның бәрі өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, басымдық берілген инфрақұрылымдық жоба - «Ақбұлақ» бағдарламасының арқасында мүмкін болып отыр. Бұл жөнінде облыс әкімі Даниал Ахметовтің есепті кездесуінде айтылды.
Өткен жылы 31,7 млрд теңгенің 50 жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілген. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2015 жылы аталған сома бес есе аз болып, небары 6,2 млрд теңгені құраған екен.
Қазіргі уақытта 118 жобалық-сметалық құжаттама бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Аталған жобалардың жалпы құны - 68 млрд теңге.