ШҚО-да ауыл тұрғыны көршісін өрттен құтқарып қалды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданына қарасты Пролетарка ауылында өрт ішінде қалып қойған әйелді құтқарып алды. Бұл туралы ҚазАқпарат ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Оқиға жексенбі күні Пролетаркаауылында болған. 44 жастағы әйел түскі ас дайындап, болған соң 4 жасар баласыменбірге ұйқыға бас қояды. Қою түтін әсерінен әуелі бүлдіршіннің ұйқысы ашылып,анасын оятқан. Әйел ес жиғанда айналасының бәрін қызыл жалын торлап, сыртқашығу мүмкін болмай қалған болатын. Асүйден басталған өрт ауызғы үйге ұласқанеді. Амалы таусылған әйел терезені шағады. Терезеден енген оттегі өртті оданәрі үдетіп, өрт қарқыны күшейе түседі. Шуды естіген көршілері дереу өрт сөндіру қызметіне хабарласып,өздері көмекке ұмтылады. Әйел сынған терезеден қызын шығарып үлгереді. Ал өзіқою түтінге тұншығып, естен танады. Осы кезде Алексей Шрамов терезе арқылы үйгееніп, ес-түссіз жатқан көршісін терезеден көтеріп шығарған. Улы газбен уланған әйел аудандық аурухананыңтоксилогиялық бөлімшесіне жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр», -делінген департаменттің баспасөз мәліметінде.

Таврия ауылындағы өрт сөндіруқызметінің №38 бөлімшесі 20 шақырымды еңсеріп жеткенше, үй толығымен отқаоранған. Өрт 135 шаршы метр аумақты шарпыған. Себебін анықтап жатырмыз. Баланыңайтуынша, анасы түскі ас дайындап, көп ұзамай ұйықтап қалған», - дейді Ұланауданы төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Ерасыл Кәдірбеков.

Қазір қыз әкесімен біргекөршілерінің үйін уақытша паналап отыр.

Соңғы жаңалықтар