ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл «Ауылдағы жаз» жобасы іске асырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаков айтты.
«Жоба барысында жаттықтырушылар жазғы демалыс орындарына, балалар үйіне және ауылдарға барып, жаттығу шараларын өткізеді. Сондай-ақ олар жергілікті бапкерлер үшін де дәріс ұйымдастырмақ. Бірінші кезекте аудан орталықтары мен қалалар емес, шалғайдағы елді мекендер қамтылады», - дейді ол.
Қазірде ауылдар өтініштерін жіберуде. Соған орай арнайы тізім жасалмақ.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.