Жыл сайын өтетін жарысқа биыл 6 команда қатысып отыр. Өскемен жастарынан тыс Семей, Зырян, Риддер қалаларынан, сондай-ақ Күршім және Шемонаиха аудандарынан келген спортшылар 8 салмақ санаты бойынша күш сынасуда.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері жексенбі күні анықталады. Бәсеке нәтижелері жарияланғаннан кейін, облыстық құрама команданың құрамы жасақталып, ол үстіміздегі жылдың 4-9 қарашасында Ақтау қаласында өтетін республикалық біріншілікке дайындық жұмыстарын бастайды.