ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен мен Семей қалаларында аяз салдарынан бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптар онлайн оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 12 ақпанда ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда аязға байланысты екі қаладағы бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары онлайн форматта оқитын болды.
«Семей мен Өскемен қалаларында ауа температурасының -28 градусқа төмендеуіне байланысты бастауыш сыныптар мектепке бармайды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Айта кетейік, кеше де күннің күрт суытуына байланысты Шығыс Қазақстандағы бірнеше қала, ауданда оқушылар онлайн форматта оқыған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.