ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында аязға байланысты бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты «Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха» автожолының 0-72 шақырымында, «Өскемен-Семей-Шүлбі-Жаңа-Шүлбі-KF-1 Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха» жолының 0-44 шақырымында, «Шемонаиха-Секисовка» трассасының 0-54 шақырымында және «Бородулиха-Жезкент» автожолының 0-49 шақырымында көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалыс шектелген.
«Шектеу 27 желтоқсан сағат 19.00-ден 28 желтоқсан 07.00-ге дейін енгізілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.