ШҚО-да аязға байланысты мектептер мен колледждерде сабақ болмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО-да аязға байланысты I ауысымның 1-4 сынып оқушылары сабақ болмайды.

Білім басқармасының ақпараты бойынша Өскеменде қатты аяға байланысты I ауысымның 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Бұл туралы ШҚО ТДЖ баспасөз қызметі хабарлайды.

Зырян ауданында аязға байланысты (-35) I ауысымның 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курстарына сабақтар болмайды.

Қатонқарағай ауданында аязға байланысты (-32) I ауысымның 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Көкпекті ауданында аязға байланысты (-35) ауысымның 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Шемонаиха, Күршім аудандарында аязға байланысты I ауысымның 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Семей қаласында аязға байланысты (-24) I ауысымның 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Тарбағатай, Бесқарағай және Ұлан аудандарында аязға байланысты (-27), I ауысымның 1-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды.