ШҚО-да әйелдер арасында интеллектуалдық сайыс өтті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында әйелдер арасында интеллектуалдық сайыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да нәзік жандар арасында сайыс өтті. Оған Шығыс Қазақстан техникалық университеті, С. Аманжолов атындағы ШҚУ, Қазақстан-АҚШ еркін университеті оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері және облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрағасы қатысты.

Барлық қатысушылар 3 командаға бөлінді. Олар білімпаздықтары мен ұйымшылдығын көрсетті. Шара 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналғандықтан, сұрақтардың барлығы әйелдер тақырыбына қатысты болды.

Сайыс бірнеше раундтан тұрды. Әр раундтың өз тақырыбы бар, атап айтқанда «Сұлулық – қорқынышты күш», «Көлеңкемен бокс», «Сәңқой», «Дәмді әңгімелер», «Салауатты өмір салты және тағы да басқа».

Барлық раунд қорытындысы бойынша «Виктория» командасы жеңімпаз атанды. Ал 2-орынды «Эдельвейс» командасы иеленсе, 3-орын «Либерти» командасына бұйырды.