ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында «Борышкер» жедел алдын алу шарасын жүргізуде.
Бұндағы мақсат – жол ережесін бұзып, айыппұл төлемей жүргендерді анықтау. 4 күн ішінде 1,7 млн теңгеден астам айыппұл өндірілген.
«Рейд барысында барлығы 412 автокөлік тексерілді. 133 айыппұл сол жерде өндірілді. Қаулыларды орындамағаны үшін 90 жүргізушінің көлігі арнаулы тұраққа жеткізілген. Айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу үшін 5,1 млн теңге сомасына 397 қаулы жеке сот орындаушыларына жіберілді», - деді облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Талғат Нұриев.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да біреудің көлігін айдап кеткен 19 жастағы қыз бағанаға соғылғанын хабарлаған едік.