Азия чемпионатының ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімі қатысып, сөз сөйледі.
«Бізге ауқымды осындай шараны өткізуге сенім білдірген волейболдан Азия конфедерациясына алғыс білдіреміз. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін», - деді әкім.
Азия континентіндегі үздік спортшылар қатысып жатқан жарыста Қазақстанның намысын «Алтай» волейбол командасы қорғайтын болады. Чемпионат 31 маусымда өз мәресіне жетеді.