«Бал өнімдері жергілікті қажеттілік мөлшерінен бес есе, мал еті екі есе, қарақұмық үш есе, картоп төрт есе, күнбағыс майы 10 есе, ұн 22 есе көп өндіріледі. Бұл салада әлі де әлеуетіміз орасан. Соңғы жылдары осынша мол өнімді Қытай нарығына аса тиімді бағамен өткізу үшін үлкен жоба жүзеге асып жатыр. Ол - Қытай стандарттары бойынша сертификаттайтын зертхана»- деді облыстың әкімі.
Қытай стандарттары бойынша аккредиттелген зертхана биылғы жыл соңына дейін ашылады деп күтілуде.