«Жолдауда балалар спортын дамыту жөнінде кайтылған еді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бағытында өңірде 2025 жылға дейін жалпы білім беретін мектептерде қосымша 3213 спорт секциясы ашылады. Осы жылы 22 мың баланы қамтитын 1268 секция жұмысын бастамақ, - деді облыс әкімі Даниал Ахметовөз сөзінде.
Сондай-ақ өңірде спорт секцияларын қаржыландыруға арналған мемлекеттік тапсырыс жүйесін енгізудің арқасында балаларды тарту бірнеше есеге артады.
- Осылайша, биыл балалар мен жасөспірімдердің 109 мыңы немесе жалпы санының 56,4%-ы спортпен тегін айналысуға мүмкіндік алды. Өткен жылы олардың саны 85 мың болған, - деп атап өтті Даниал Ахметов.