ШҚО-да балалардың отпен ойнауынан 6 өрт болды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мамандары талдау жүргізіп, жыл басынан бері балалардың отпен ойнауынан 6 өрт болғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше Семей қаласындағы 6-шы Жоламанов көшесінде жеке тұрғын үйдің ауласында жалпы ауданы 30 шаршы метр өрт болды. Жалын тез арада көрші үй ғимараттарға тарады. Төтенше оқиға балалардың отпен ойнауы себебінен туған. Сол сияқты, Самар ауылындағы Красноармейская көшесінде қоқыс өртеніп, өрт қораға жетті. Құтқарушылар жалпы ауданы 45 шаршы метр өртті сөндірді. Мұнда да өрт 2013 жылы туған кәмелетке толмаған баланың отпен ойнауынан туған. Осыған ұқсас өртті 2008 жылы туған жасөспірім Бородулиха ауданы Зубайр ауылында жасаған. Нәтижесінде жалпы ауданы 144 шаршы метр шаруашылық құрылыстары блогы өртенді», - делінген хабарламада.