ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бұқаралық спортты дамыту үшін бұрынғы аудан орталықтарында 14 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Сондай-ақ Алтай, Аягөз, Риддер және Курчатов қалаларында 4 заманауи фитнес-орталық ашылмақ.
Бүгінде Өскеменде Қазақстанда баламасы жоқ үстел теннисі орталығының құрылысы аяқталуға жақын. 300-ге жуық көрермен сиятын заманауи орталықта 58 корт болады.
«2025 жылға дейін облыстың жалпы білім беретін мектептерінде балаларға арналған 3213 спорт секциясы өз жұмысын бастайды. Оның ішінде осы жылы 1268 секция ашылады. Нәтижесінде, 22 мың бала спортпен шұғылдануға мүмкіндік алмақ», - делінген ақпаратта.