ШҚО-да балықшы автокөлігімен бірге Ертіс өзеніне батып кетті

АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында балық аулау кезінде «Лада» көлігі мен оның 43 жастағы иесі Ертіс өзеніне батып кетті.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, балықшы мен оның көлігі Ұлан ауданы Әуезов ауылының маңынан ағып өтетін Ертіс өзеніне, сәуірдің өткен 11-і күні күндізгі сағат 4-тердің шамасында батып кеткен.

Судан құтқару қызметі суға кеткен азамат пен оның машинасын екі күннен кейін тапты.