ШҚО-да барлық бағыттағы жолдар жабылды

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығы салдарынан барлық бағыттағы тасжолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК шығысқазақстандық филиалының ақпараты бойынша 21 желтоқсанда ауа райына байланысты ескерту жарияланған. Өңірде қар жауып, бұрқасын болады және желдің жылдамдығы 25 м/с жетеді.

«Түнде және таңертең республикалық, сондай-ақ облыстың деңгейдегі трассалар бірінен кейін бірі жабылды»,-деп атап өтті ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.

Ведомоство өңір тұрғындарына аса қажетті жағдай болмаса елді мекеннен шықпауды ескертті.