ШҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, қайта жарақтау жұмыстары «Омбы-Майқапшағай», «Таскескен-Бақты», «Өскемен - Зырян - Үлкен Нарын - Катонқарағай - Рахман қайнары» бағыттарын қамтып, жалпы ұзындығы 161 шақырым жолды күрделі жөндеуге мүмкіндік бермек.
Облыс әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, осы дәліз арқылы Ресейдің Сібір аймағынан Қазақстан арқылы Қытайдың ШҰАР провинциясына төте жол ашылмақ.
«Ресейдің Сібір облысынан Қазақстан арқылы Қытайдың ШҰАР провинциясына қысқа жол ашуға мүмкіндік бар. Осылайша, Президентіміздің біздің аймаққа қатысты айтқан барлық тапсырмаларын нақты жүзеге асырамыз. Ол үшін жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасына өңірдегі жолдардың 70-85 пайызының жағдайын жақсартуды тапсырамын. - деді Даниал Ахметов.
Биыл облыста республикалық маңызы бар жолдардың 138 шақырымын орташа жөндеу жоспарланған. Бұдан бөлек, Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Ауыл» және «Уба» бақылау-өткізу пункттерінде қосымша жолақтардың құрылысы жоспарланған. Бұл аумақтың транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан аумағын елдегі жалпы қолданыстағы жолдардың ең үлкен бөлігі, яғни 11 494.5 шақырымы басып өтеді.