Бұл туралы «Nur Otan» партиясы фракцияларының облыс әкімдігінде өткен жиналысында белгілі болды.
«Партияның сайлауалды бағдарламасына негізделген тапсырмаларға сәйкес, 2022 жылға дейін аймақ мектептеріндегі орын тапшылығының алдын аламыз», – деді өңір әкімі, облыстық филиалдың төрағасы Даниал Ахметов.
Оның айтуынша, аталған бес мектептің үшеуі Семей қаласында салынады. Сондай-ақ, Риддер қаласы мен Абай ауданындағы Қарауылда орта білім беретін мекеме бой көтереді.