Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Атап айтқанда, кеше сағат 14:15-тен бастап "Өскемен- Шемонайха-РФ шекара" жолының 16-123 шақырымындағы "Глубокое-РФ шекарасы" учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.
Ал бүгін сағат 07:15-тен бері "Өскемен-Зырян-Рахман Қайнары" 0-164 шақырымындағы "Степное-Зырян" учаскесінде де автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.
Аталған жолда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы техникалары кезекшілікке шықты.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 8 (7232) 26-28-08 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.