ШҚО-да биыл 21 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы білім беру ұйымдары жаңа оқу жылына дайын. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауапты сала мамандары мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Брифинг барысында балаларды бірінші сыныпқа 6 жастанбастап қабылдау туралы норманың енгізілуі туралы кеңінен талқыланды. Брифингбарысында мәлім болғандай, жаңа оқу жылынан бастап бірінші сыныпқа 1 қыркүйеккедейін 6 жасқа толған балалар мен ағымдағы жылдың соңына дейін 6 жасқа толатынбүлдіршіндер қабылданады. Алайда бұл жағдайда ата-ананың пікірі де ескеріледі.

Айта кетейік, 1 сыныптың табалдырығын аттайтын балаларғабілім бағдарламасының шарты бойынша әріп оқыту, есеп шығару, жазу, сондай-ақмәтін оқу үйретіледі. Алмектепалды даярлығынан өтпеген балалар мектептердегі даярлық курстарына барады.

Ағымдағыжылдың 1 маусымынан бастап облыстағы мектептерде 1 сыныпқа баратын балалардың құжаттарыэлектронды түрде қабылдануда. Қызметтің түрін ата-аналар электрондық цифрлыққолтаңба арқылы www.vko.ddo.kz сайтынан ала алады. Аталмыш жоба ата-аналар үшінтиімді. Өйткені олар баласын мектепке үйден шықпай-ақ орналастыра алады. Сайтарқылы өтініштерді қабылдау 1 шілдеден 30 тамызға дейін қабылданады.

Брифингбарысында жаңа мазмұндағы білім беру бағдарламасына көшу мәселесі кеңіненталқыланды. Ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап 4,9,10 сынып оқушыларыосы бағытта оқитын болса, 11 сынып оқушылары келесі жылдан бастап бұлбағдарламаға қосылмақ. Сөйтіп, келесі жылы барлық мектеп жаңартылған мазмұндағыбілім беру бағдарламасына көшеді.

- Биылоқушыларды оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету мақсатындаоблыстық бюджеттен 2 млрд 383млн теңге бөлінді. Жоспарға сәйкес өңірдегі мектептерде білім алып жатқанбарлық оқушы жаңа оқу жылының басында оқулықтармен қамтамасыз етіледі, - дедіШығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.


Брифингтеоқушылар планшеттер мен электронды оқулықтарды пайдалана ала ма? деген сауалқойылды. Оған жауапты сала мамандары әрбір оқушыда қағаз оқулықтары міндеттітүрде болуы тиіс деп жауап берді. Бірақ сабақ барысында электронды оқулықтардыда пайдалануға рұқсат беріледі екен. Дегенмен бұл мәселе Білім және ғылымминистрлігінің құзіретінде екенін атап өткен орынды.

1 тамыздан30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясыұйымдастырылады. Осы орай аталмыш акция биылдан бастап ағымдағы жыл соңынадейін өтетінін айта кеткен орынды. Акция аясында аз қамтылған және көпбалалыотбасыларындағы 33000 мыңнан астам баланы қолдау жоспарланып отыр, бұл мақсаттажалпыға міндетті оқу қорынан 2 млрд теңге бөлінеді.

Бүгіндебіздің облыста бюджет қаржысынан тыс демеушілер мен меценаттар 14 343 балаға157 млн теңге көлемінде көмек көрсетті.

Өңірдегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған жәнекөпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар тегін мектеп формасымен жәнеыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Өңірде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен «Менің мектебім» жобасы жүзеге асырылуда.Мұндағы басты мақсат - аймақтағы жаратылыстану пәндері бойынша заманауиматериалдық базаны құру және оқу үрдісіне ІТ технологияларын енгізу.

ӘсемНүсіпованың айтуынша, аталмыш жоба аясында екі жылдың ішінде өңірдегі 655 мектептеІТ сыныптары ашылған.Биыл 378 ІТ сыныбы қолданысқа берілді. Оған облыстық бюджеттен 899 млн теңгежұмсалған.

Оқушылар ІТбағдарламаларды меңгеруі үшін Семей қаласындағы Электротехникалық колледжі менӨскемен қаласындағы Политехникалық колледжі базасында 3-11 сыныптарда сабақберетін оқытушыларды ІТ бағдарламалары бойынша оқыту ұйымдастырылды. Екі жылішінде 1127 мұғалім курстық даярлықтан өтті. Оның ішінде 2019 жылы шағынжинақталған мектептерден келген 573 мұғалім бар.

Облыста 2016жылдан бастап үштілдік білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жоба аясындакүні бүгінге дейін 8 мыңнан астам оқытушы білімін жетілдірді. Оның ішінде 500физика, биология, химия, информатика пәндерінің мұғалімдері бар.

Облыстағы 11мектепте ағылшын тілінен бөлек, француз тілін де оқыту қолға алынады. Бүгінгікүнге 200 оқушы француз тілінде білім алып жатса, 2019 жылғы 1 қыркүйектенбастап олардың саны 1000 балаға жетеді деп күтілуде.

Жаңа оқужылында облыстағы 655 мектепте 193 мыңнан астам оқушы білім алады. Ал біріншісыныпқа 21 мыңнан астам бүлдіршін қабылданады.

Ағымдағыжылы алғашқы қоңырау күні жексенбі күнімен тұспа-тұс келіп тұрса да, салтанаттышара өтетін болады. Ал мектеп оқушылары мен колледж студенттері 2 қыркүйектенбастап оқуға кірісе алады.

Айтакетейік, өңірімізде республикалықбюджет есебінен 2600 орындық үш мектеп салынуда. Оның ішінде, екеуі облысорталығында бой көтерсе, біреуі Тарбағатай ауданында (Ақжар ауылы) ашылады.

Өскеменқаласында пайдалануға берілетін екі мектептің бірі 1 қыркүйекте, қалған екімектеп ағымдағыжылдың қазан айында ашылады.