ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауыл жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыс әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың шешімі бойынша, Зайсан ауданы мен Семей қаласының әкімшілік-аумақтық құрылымында бірқатар өзгеріс жасалды. Атап айтқанда, Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округіндегі Жаңабаз ауылы Көгедай ауылына, Айнабұлақ ауылдық округіндегі Талды, Сарытұмсық ауылдары Айнабұлақ ауылына, Кеңсай ауылдық округінің Саршы ауылы Кеңсай ауылына қосылды.
Сондай-ақ Семейдегі Караөлең, Социалистік Қазақстан ауылдары жабылған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.