ШҚО-да болған қар көшкіндері автожолды бөгеп тастады - ТЖМ
10:55, 24 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат - Желтоқсанның өткен 22-сі күні Шығыс Қазақстан облысының тау бөктерінде болған қар көшкіндері Өскемен-Зырян автожолының 61-65 шақырымындағы жол бөлігін бөгеп тастады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, өздігінен түскен 4 қар көшкіні жол бөлігін жартылай бөгеген.
«Түскен қардың көлемі 470 текше метр болды. Желтоқсанның 23-і 8 сағат 30 минутта жол қайта ашылды», - деп анықтады баспасөз қызметінен.