ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, боран мен көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында бірқатар шектеулер енгізілді.
- Атап айтқанда, бүгін сағат 13:30-дан бастап «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 1104–1191 шақырымдарда (Глубокое-Шемонаиха учаскесі) автобустар мен тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына уақытша тыйым салынды. Сондай-ақ дәл осы уақыттан «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымында (Белоусовка-Риддер бағыты) автобустар мен тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы шектелді, - делінген ақпаратта.
Ал сағат 12:00-ден бастап облыстық маңызы бар «Шемонаиха-Секисовка» жолының 0-56 шақырымында дәл осындай шектеулер енгізілген.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда 24 қараша күні бірқатар өңірде жолдарда қозғалыс шектеуі сақталып отырғандығы хабарланған.