ШҚО-да боран салдарынан екі көлік жолы жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 01.02. сағат 18-00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) «Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха» облыстық маңызды автожолы (10-80 км); «Воскресеновка-Петропавловка-Шелехово-Белағаш-Дмитриевка» (30-50 км) автожолында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқталды.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми сайтында хабарланды.