Ер адамдар балықшылықпен айналысып, ауа райының құбылғанын байқамай қалған. Олар заттарын жинап, машинаны оталдырамыз дегенше, қар қатты жауып, боран басталған. «Волга» маркалы автомобиль қар құрсауында қалып, ары қарай жүре алмаған. Ер адамдар құтқарушылардан көп сұраған.
«Зардап шегушілер қайда екендіктерін болжаммен көрсетіп, біздің Өскемендегі топ Ұлан ауданына аттанды. Ер азаматтар Каменский су қоймасының жағалауында болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Біздің бөлімнің қызметкерлері адамдарды Канайки ауылына дейін апарып салды», - деді құтқарушы Юрий Суртаев.
Қазір облыстағы барлық бағыттардағы жолдар ашық.