ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, екі шопан боранға қарамастан Тройницкое ауылының маңындағы қыстаққа атпен барған. Қайтып оралмақ болған олар өздігінен жете алмай, құтқарушыларды шақырды.
«Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері сол жерге жол талғамайтын «Трэкол» техникасымен келіп жетті. Құтқарушылар оларды жақын маңдағы ауылға дейін эвакуациялады. Шопандарға медициналық көмек қажет болмады», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, құтқарушылар бұған дейін ауа райының нашарлайтындығы мен бұрқасын болатындығы туралы ескерткен болатын.