ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда боран мен аязға байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды.
— «Қытай шекарасы-Майқапшағай-Зайсан айналма жолы-Қалбатау-Семей-Павлодар-Ресей шекарасы» жолының 1177-1256 шақырымы аралығында (Ақжар ауылының бұрылысынан Зайсан қаласына дейінгі жол) көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынды. Сондықтан көлік жүргізушілерін бағыттарын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Құтқарушылар халыққа алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.
Еске салсақ, осыған дейін 17 қаңтар таңертең елдегі қай жолдар жабық екендігі жайлы жазғанбыз.