ШҚО-да боранға байланысты бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда боран соғып, жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты өңірде бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді.

«Омбы-Майқапшағай» тасжолының 756-906 шақырымында (Семей қаласы мен Қалбатау ауылының аралығы) және «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 35-123 шақырымында тіркемесі бар жүк көліктері мен автобустардың қатынауына тыйым салынды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, департамент мамандары тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.