ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Зайсан ауданының полицейлері заңсыз балық аулаған ер адамды ұстады.
«Браконьер» жедел алдын алу шарасы аясында тәртіп сақшылары Зайсан көлінің солтүстік-батыс жағындағы тыйым салынған аумақта заңсыз балық аулаған 49 жастағы Үшкөмей ауылының тұрғынын қолға түсірді. Одан моторлы қайық, 100 метрлік екі тор, жалпы салмағы 91 келіге жететін 3 қап көксерке тәркіленді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Күдікті аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігіне (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.