ШҚО-да бірнеше ауданда жөнделген жолдарда кепілдік мерзімі жоқ болып шықты – Антикор

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында Антикор бірнеше ауданда жөнделген жолда кепілдік мерзімі жасалмағанын анықтады.

Фото: БҚО әкімдігі

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаменті өңірде орташа жол жөндеу жұмыстарынан кейін кепілдік мерзімінің қысқартылып жасалғанын немесе мүлде кепілдіктің жоқтығын анықтады. 

— Заң бойынша жөнделген жолда 2-ден 6 жылға дейінгі кепілдік мерзімі болуы тиіс. Алайда бірнеше ауданда мердігерлер бұл талапты бұзған. Мәселен, Катонқарағай ауданында бір компания 300 млн теңгеден астам сомаға орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізген. Алайда тексеру барысында оның сол жолға кепілдік мерзімін жасамағаны анықталды, — дейді департамент басшысы Денис Шакенов. 

Осыған байланысты Антикор тиісті шаралар қабылдату үшін әкімдіктерге ұсынымдар жолдады.
Еске салсақ, осыған дейін елімізде жаңадан салынатын автожолдар белгілі болғаны хабарланған.