ШҚО-да бүгін 3 рет қар көшіп, жолдарды басып қалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір күнде 3 рет қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 7 қаңтарда сағат 7:30-да аудандық маңызы бар «Алтай-Богатырево» тасжолының 36 және 37-шақырымдарында жалпы көлемі 3 500 текше метр қар көшкіні түсті.

«Сондай-ақ, сағат 9.50-де «Алтай-Путинцево» тасжолының учаскесінде көлемі 3 700 текше метр көшкін жүрген. Бірден аталған жолдар жабылды. Көшкіннен зардап шеккендер мен қираған ғимараттар болған жоқ. Қазіргі уақытта жолды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, өңір бойынша көшкін жүру қаупі 8 қаңтарға дейін сақталады.

Еске салсақ, облыста 5 және 6 қаңтар күндері де қар көшкіні жүргенін хабарлаған едік.


Фото: t.me/qr_tjm