Күдікті мерекелік демалысты пайдаланып, заңсыз тауарды шекара асырмақ болған. Зайсан қаласының патрульдік полициясы Toyota Сamry маркалы көліктің ішінен 20 дана мүйіз тапқан. 28 жастағы автомашина иесінде мүйіз тасымалдауға негіз болатын ешбір құжат болмағаны анықталды.
«Көлік иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. Ал тәркіленген мүйіздер құзырлы органдарға жолданды» - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.