Облыс орталығының тұрғыны үш ай бойы бұрын бірге тұрған әйелін заңсыз аңдып, телефон соғып, балағаттау мен қоқан-лоқы көрсетілген хабарламалар жіберген, сондай-ақ оның мүлкіне — автокөлігіне зақым келтірген.
Айыпталушының әрекеттері сталкинг және мүлікті жоюмен қорқыту ретінде сараланды. Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы оның екі эпизод бойынша да кінәсін толық дәлелдеді.
— Соттың заңды күшіне енген үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 115 және 115-1-баптары бойынша кінәлі деп танылып, абаттандыру және аумақтарды тазалау жұмыстарына тарту арқылы 160 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылды, — делінген хабарламада.
Прокуратура органдары жеке тиіспеушілікке қол сұғушылық және осыған ұқсас құқыққа қарсы әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы туралы ескертеді.
Бұған дейін Қызылордада сталкинг жасаған 4 адамға қатысты үкім шыққаны белгілі болды.