Синоптиктердің ақпараты бойынша, 28 ақпан күні күндіз облыста қатты қар жауады. 1-нен 2 наурызға қараған түні бұрқасын, тұман мен көктайғақ күтілуде.
Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, осы аралықта желдің жылдамдығы 15-20 метр/секунд, кейде оның екпіні секундына 28 метрге жетуі мүмкін.