ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, наурыз айының басында Өскемен қалалық ПБ Үлбі полиция бөліміне шаһар аумағындағы ЖШС-ның бірінде ұрлық жасалғандығы хабарланған.
Анықталғандай, 42 және 46 жастағы екі ер адам ЖШС-ның мыс балқыту цехынан мыс ұрлаған. Осының салдарынан келтірілген материалдық шығын мөлшері 500 000 теңгені құрады.
«Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді полиция бөліміне жеткізді. Тергеу амалдарын жүргізу барысында олар өз кінәларын мойындаған. Іс бойынша заттай дәлелдемелер алынды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.