ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 желтоқсанда сағат 12:55-те сиреналарды іске қосу және радио хабарларына қосылу арқылы орталықтандырылған құлақтандырудың автоматтандырылған жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі.
- Тұрғындарды сабырлық сақтауға шақырамыз. Осы ретте, ТЖ жағдайында өзін қалай ұстау керектігі жайлы бірқатар кеңес:
- Егер сіз жұмыста, қоғамдық орында, көшеде болсаңыз және сиренаның дыбысын естісеңіз, 104,0 жиілікте «Қазақ радиосы» радиосын дереу қосу керек немесе «Дәрмен» мобильді қосымшасына кіру керек
Оңдағы ақпаратты мұқият тыңдаңыз.
- Барлық ересектер балаларға сиреналардың дыбысы «Баршаның назарына» сигналы екенін түсіндіруі керек. Оны естігенде қорқудың қажеті жоқ, бірақ оның себебін түсіндіруді күту қажет.
- Көршілерге сигнал туралы хабарлаңыз. Олар берілген ақпаратты естімеген болуы мүмкін.
- ТЖД сиреналардың жаттығуларына түсіністікпен қарауды сұраймыз және берілген ұсыныстарға құлақ асыңыз, - делінген ақпаратта.
Фото: shutterstock.com