Демалып жатқан отбасы мүшелері түтіннің исін сезген соң, демалыс орнының әкімшілігіне хабарлаған. Жалын бірден қанат жайып үлгерді. Ал әкімшілік өкілдері болса, болған оқиғаны «101» нөміріне хабарлаудың орнына өртті арнайы құрылғылардың көмегімен өздері сөндірмек болған. Алайда бұл істерінен нәтиже шығара алмаған олар, біршама уақыт жоғалтып барып, өрт сөндіру қызметіне хабар берген. Өрт сөндіруші техника келгенше оқиға орнына өрт сөндіруші катер жетіп үлгерді. Бұл кеме демалыс базаларының бірінде қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысатын.
Кеме ашық өртті сөндіріп, өрттің негізгі бөлігін ауыздықтаған. Бұдан кейінгі жұмыстарды № 3 өрт сөндіру бөлімінің сарбаздары жалғастырды. Өрт толықтай сағат 14-10-да сөндірілді.
2 қабат ағаштан салынған болғандықтан өрт үйдің басым бөлігін зақымдап үлгерді. Демалып жатқан отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ. Олар көршілес үйлердің біріне көшірілді. Қазіргі таңда өрттің шығуына себепші болуы мүмкін екі бағыт қарастырылуда. Біріншісі, электр құрылғысы бұзылған, екіншісі электр құрылғыларын пайдалануда өрт қауіпсіздігі талаптары қадағаланбаған.