ШҚО-да демалыс күндері 5 адам суға батып кетті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында демалыс күндері облыста 5 адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Демалыс күндері ыстық болған соң шығысқазақстандықтар су айдындарына асықты, соның ішінде тыйым салу белгілері тұрған жерлерде шомылды. Яғни, демалыс күндері облыста 5 адам суға батып кетті.

«4 шілдеде Шемонаиха ауданында понтон көпірі ауданында белгіленбеген жерде шомылып жүрген 30 жастағы жігіт суға батып кетті. Ауданда шомылуға тыйым салатын 14 белгі орнатылған және жігіт суға батып кеткен жерде тыйым салатын белгі тұр.

6 шілдеде Серебрянск қаласында Ертіс өзенініне 21 жастағы жігіт суға батып кетті. Шомылуға белгіленбеген жерде суға түсіп, ол шығанақты жүзіп өтпек болған. Шығанақтың ені шамамен 40 метр. Жас жігіт арғы жағаға барып, кеоі қайтқанда 5-6 метр жүзіп, суға батып кеткен», делінген хабарламада.

Сол күні Семей қаласында 1 адам суға батып, 2 адам жоғалып кетті.

Бірінші оқиға 5 шілдеде «Орлинное гнездо» кафесінің маңында болды, куәгерлердің айтуынша, 2 ер адам Ертіс өзенінен жүзіп жүріп жоғалып кеткен. 7-ші құтқару бөлімшесінің қызметкерлері жағалауды қарап шықты, ал қазір оларды сүңгуірлер іздестіріп жатыр. Жастарды іздеуге жағалау аймағын тексеретін әскери бөлім қызметшілері тартылды.

Екінші оқиға «Затон бөгеті» ауданында болды. 33 жастағы әйел шомылуға барып, батып кетті.

«7 жастағы қыз бала құтқарылды. Ол ата-әжесімен бірге Семей қаласында жағалауда демалған. Үрлемелі дөңгелек 7 жасар баланы демалу орнынан жарты шақырым қашыққа алып кеткен. Куәгерлер оны құтқарды. 23 жастағы Асан Ташон мен Фарух Кәдірқұлов баланы ағыс тез алып бара жатқанын көріп, артынан жағалаумен жүгіріп, қатарласқан кезде жүзіп барып, қызды судан алып шықты», делінген хабарламада.

Осы кезде 7-ші құтқару бөлімшесінің қызметкерлері қайықпен жүзіп келіп, қызды демалыс орнына жеткізіп, туыстарына тапсырды.

Асан Ташон мен Фарух Кәдірқұлов – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімде взвод командирлері.

Дәл осындай жағдай 4 шілдеде болды. Куәгер қызды құтқарды Қанаш Құрманбаев Затон полиция бөлімінің полиция капитаны. Ол Бейбітшілік аралында демалып жатқанда, баллонда отырған шамамен 13 жастағы қызды ағыс әкетіп жатқанын көрген. Полицей еш ойланбастан, балаға көмектесуге ұмтылып, оны жағаға алып шықты.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.