ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.
Онда жазылғандай, өңірдегі объектілер өз қызметін «жасыл» аймақ үшін көзделген өлшемшарттар негізінде жүзеге асыратын болады.
- 5 қаңтардан бастап Ashyq жобасына қатысатын объектілердің қызметкерлері мен келушілерінде қауіпсіз «жасыл» статус болған жағдайда еш шектеусіз жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Яғни, бұл нысандар демалыс күндері де ашық болады, - делінген құжатта.
Осы ретте ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.